
2026 жылғы 24 сәуірде № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі «MedicaLine» медициналық орталығының мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігі, 031/у нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын сапалы толтыру, сондай-ақ жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай проактивті форматта көрсету жөніндегі ерекше тетікті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ «MedicaLine» медициналық орталығының дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жолдаған адамдарға «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанындағы қызмет қорытындылары жеткізілді.
Медициналық орталық дәрігерлерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1209618?lang=kk

Жауап қалдыру