
Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік қолдау және ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтар кеңінен талқыланды. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, әр азаматтың өтініші мен сұрағына жеке-жеке тоқталып, заң аясында түсіндірме берді. Тұрғындардың талап-тілектері бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1208881?lang=kk

Жауап қалдыру