
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Б. Кемалов «ҚазАзот» АҚ-ға барып, кәсіпорын ұжымын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтады.
Кездесу барысында 2025 жылы кәсіпорында орын алған жазатайым оқиға бойынша Департамент тарапынан арнайы тергеу жүргізілгені атап өтілді. Тергеу нәтижесінде оқиғаның негізгі себебі өндірістік жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз болуы екені анықталған.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және мұндай жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында еңбек қауіпсіздігі мәселесіне жауапкершілікпен қарап, наряд-рұқсатсыз жұмысқа кірісуден бас тартқан қызметкер Департамент атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Департамент еңбек қауіпсіздігін сақтау – жұмыс беруші мен әрбір қызметкердің басты міндеті екенін атап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1209806?lang=kk

Жауап қалдыру