
20–22 сәуір аралығында Куткарушы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы Кубогына арналған өрт-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында II турнир өтті.
Жарысқа қысқы чемпионаттың қос сайыс қорытындысы бойынша іріктелген 100 спортшы (60 ер, 40 әйел) қатысты. Турнир екі дисциплина бойынша өткізілді: штурмдық саты арқылы көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағынан өту.
Нәтижелер:
Байтиков Бахтияр — 2 орын (оқу мұнарасының 4-қабатына штурмдық саты арқылы көтерілу);
Айтекеев Ислам — 3 орын (оқу мұнарасының 4-қабатына штурмдық саты арқылы көтерілу);
Магау Нуралы — күннің үздік уақыты (13,6 сек., оқу мұнарасының 4-қабатына штурмдық саты арқылы көтерілу);
Байтикова Айдана — 1 орын (оқу мұнарасының 2-қабатына штурмдық саты арқылы көтерілу);
Лукянова Алена — 3 орын (100 метрлік кедергілер жолағы).
Турнир қорытындысы бойынша 7 спортшы (3 ер, 4 әйел) Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1209365?lang=kk

Жауап қалдыру