
Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының барлық аудандық, қалалық АХАТ бөлімдерінің қызметкерлерімен Zoom платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді.
Аталған семинарда ақпараттық жүйелердегі деректердің сақталуын, дұрыстығын және тұтастығын қамтамасыз ету мәселесі аталды.
Атап айтқанда: – ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқықтарын лауазымдық міндеттеріне сәйкес нақты бөлу, соның ішінде жекелеген қызметкерлер үшін акт жазбаларына өзгерістер енгізу және оларды жою құқығынсыз тек қарау деңгейіндегі қолжетімділікті белгілеу, қызметкерлер арасында ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталуын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Семинар барасында бірқатар пікірлер алысып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1208818?lang=kk

Жауап қалдыру