ТЖД кезекті жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынға вице-министр Камалов Рамиль Фаткулович қатысып, қызметкерлерге бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Кездесу барысында «Ауыл құтқарушылар » бағдарламасының маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі жауапкершілікпен атқару қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі кеңінен талқыланды. Вице-министр табиғи өрттердің алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігін атап өтті.

Жиын барысында Селимов Назарали алдағы жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта жұмысты жүйелі түрде жүргізуге күш салатынын жеткізді.

Жиын қорытындысында барлық бөлімшелерге нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңде тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1209363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді