
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Тараз қаласы Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелерінің бойындағы ТК-301-ден ТК-308-ге дейінгі М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жамбыл даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысы 25 сәуірден бастап 2 ай мерзімге толығымен жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1209731?lang=kk

Жауап қалдыру