Yessenov University базасында «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз» атты кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Yessenov University базасында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және интернет-алаяқтықтан сақтану бағытында «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз» атты кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар, заңгерлер және университет студенттері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыру.

Жиын барысында синтетикалық есірткілердің зияны, олардың заңсыз айналымына тартылудың салдары, интернет-алаяқтардың жаңа тәсілдері, жеке деректерді қорғау және қаржылық пирамидалардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін көзделетін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

«Біздің мақсатымыз – жазалау емес, алдын алу. Әрбір жас заң алдындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс», – деп атап өтті спикерлер.

Кездесу соңында студенттер мамандарға сұрақтар қойып, құқықтық кеңестер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1209727?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді