
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Құрметті азаматтар!
Соңғы уақытта интернет-алаяқтық фактілері жиілеп отыр. Қаскөйлер түрлі айла-тәсілдер арқылы азаматтардың жеке деректерін және қаржысын иемденуге тырысуда.
Осыған байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
Банк картасының нөмірін, CVV кодын, SMS-кодтарды және жеке құпиясөздерді ешкімге жария етпеңіз;
Белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
Интернет арқылы тауар сатып аларда тек сенімді сайттарды пайдаланыңыз;
“Банк қызметкерімін” немесе “полицияданмын” деген адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз;
Кез келген күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: алаяқтар көбіне асықтырып, қорқытып немесе қызықты ұсыныстар арқылы әрекет етеді. Сабыр сақтап, ақпаратты тексеріңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-zhuryn/press/news/details/1210541?lang=kk

Жауап қалдыру