
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Астана қаласы прокуратурасының алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожинмен Астана қаласы прокуратурасы қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан халқының бірлігі, жас ұрпақтың патриотизмі, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және т.б. мәселелер талқыланды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің басшысы Аида Әнуар, Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты.
Сенаты депутаты Геннадий Шиповских Қазақстан Республикасында жүргізілген конституциялық реформалар еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың құқықтары мен бостадықтарын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттарды прокуратура қызметкерлерінің белсенділігін оң бағалап, қатысушылардың қызығушылығын танытып, талқылауға белсенді қатысқанын атап өтті.
Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1210796?lang=kk

Жауап қалдыру