
Сарыағаш ауданында ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, ашық егіс алқабындағы жиын-терім жұмыстарымен танысты. Шаруалардың еңбегіне табыс тілеп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң бағасын берді.
Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округінің диқандары әлеуметтік маңызы жоғары дақыл – қырыққабатты жинап, өнімді еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрама елді мекенінің тұрғыны Срайыл Бадалов – «Мухаммеджан» шаруа қожалығының иесі. Ол 0,25 гектар жерге қырыққабат егіп, жыл сайын шамамен 15 тонна өнім алуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1210883?lang=kk

Жауап қалдыру