
2026 жылғы 29 сәуірде Абай аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы өтті. Әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына өзгеріс енгізу, оның мөлшерін белгілеу және Абай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау мәселесі бойынша «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Ш. Таласовты тыңдады. Мәслихат депутаттарымен округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді. Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары К.Б. Кабдуалиева, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.В. Сергеева қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-abai/press/news/details/1211601?lang=kk

Жауап қалдыру