5 мың түлек туған жерге үлес қосты: Павлодарда ауқымды эко-челлендж өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуір күні Павлодар облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерімен бір мезетте «Түлек ағаш отырғызады» эко-челленджі өтті.

Ауқымды экологиялық бастамаға өңірдің шамамен 5000 түлегі қатысты. Павлодар қаласында «Алтын белгі» белгісіне үміткер және үздік аттестат иегері 140 түлек облыс әкімімен бірге ағаш отырғызып, туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатқа жанашырлықтың, белсенді азаматтық ұстанымның жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шараның ауқымдылығын Павлодар, Экибастуз және Ақсу қалаларының түлектерінің белсенді қатысуы айқындай түсті. Жалпы алғанда, аталған үш қалада эко-челленджге 3666 түлек қосылды: Павлодарда — 2116, Экибастузда — 1118, Ақсуда — 432. Осылайша, мыңдаған жас түлек бір ортақ мақсат төңірегіне бірігіп, ағаш отырғызуды бірлік, жауапкершілік және туған жердің болашағына деген шынайы қамқорлықтың символына айналдырды.

Іс-шараға ата-аналар мен демеушілер де белсенді түрде қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсетті. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қатысушылар елді мекендерді көгалдандыруға, мектеп аумақтарын, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға елеулі үлес қосты.

Аталған бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының маңызды бағыты болып табылады және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға, жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған.

Эко-челлендж түлектер үшін мектеппен қоштасудың символдық сәті ғана емес, сонымен қатар болашаққа жасалған маңызды қадам — экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және келер ұрпақ үшін қолайлы, жасыл орта қалыптастыруға қосылған үлес болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1211366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді