Абай облысы Полиция департаментінде ардагерлер кеңесінің қатысуымен тәлімгерлер мен жас қызметкерлер арасында кездесу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру және тәлімгерлік институтын дамыту.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің көпжылдық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, адалдық, жауапкершілік және қызметтік борышқа беріктік қағидаттары туралы айтты. Сондай-ақ қызметтік тәртіп, моральдық-адамгершілік құндылықтар және жас қызметкерлердің берік азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде тәлімгерлер бекітілген қызметкерлермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндап, жеке тәсілдің маңыздылығын, оқытудағы жүйелілікті және күнделікті қызметте жеке үлгі көрсетудің рөлін атап өтті.
Жас қызметкерлер диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызметке бейімделу және кәсіби тұрғыда өсу бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ жоғары білікті әрі тәртіпті кадрлық құрамды қалыптастыруға ықпал ететін осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1211206?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді