«Нерест» профилактикалық іс-шарасы: полиция заңсыз балық аулаудың жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін республика аумағында «Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл кезеңде балықтардың уылдырық шашуы жүреді, сондықтан табиғи қорларды қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау ерекше маңызды.

👮‍♂️Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлігі тексерілді, көлікте заңсыз жолмен ауланған 18 кг балық тасымалданғаны анықталды.
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау, аулар қою және басқа да заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде белгілеп, әрбір азаматқа заң талаптарын сақтауды ескертеді.

🚨Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады және табиғатты қорғаудағы жауапкершілік әркімнің парызы екенін еске салады. Егер заңсыз балық аулау деректері анықталса, дереу полицияға хабарлау арқылы экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1211204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді