Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Департаментпен №20 мектеп оқушылары үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты жастар арасында мемлекеттік қызметші мамандығын танымал ету, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Кездесу аясында оқушыларды мемлекеттік органның жұмысымен таныстырып, бөлімдер бойынша экскурсия өткізілді. Бұл Департамент қызметкерлерінің қызметін көрнекі түрде көруге және олардың жұмыс ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіруге ерекше назар аударылды: оқушыларға мемлекеттік құырылымның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін конституциялық өзгерістердің маңызы туралы айтылды.

Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1211718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді