
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1448003099738105

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/1211490?lang=kk

Жауап қалдыру