ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ТӘРБИЕЛЕЙТІН МЕКТЕП

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы қосалқы мектеп-интернаттың жұмыс істеп келе жатқанына келесі жылы 50 жыл толады. Осы уақыт аралығында мұнда білім алатын ерекше балаларға сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында түрлі әдістемелік бағдарламалар қолданылып келеді. Соңғы он жылда білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген тәрбие жүйелі түрде жүргізілуде.

Мектеп ұжымының мәліметінше, аталған бағыттағы жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде.
– Біз асық ойнау, киіз басу, түрлі тоқыма бұйымдарын жасау арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңірудеміз. Бұл тәсіл ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бойында жиі кездесетін белсенділік пен күш-жігерді дұрыс бағытта дамытуға ықпал етеді, – дейді мектеп-интернат директоры Нартай Шорабек.
Қазіргі таңда білім ордасында 130 бала тәрбиеленуде. Оларға дефектолог, сурдопедагог, логопед мамандары тұрақты түрде кәсіби қолдау көрсетуде. Қолөнер бұйымдарын жасауға баулу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға және танымдық түйсігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Айта кету керек, мекемеде қызмет атқаратын білікті мамандардың еңбек өтілі кемінде 20–25 жылды құрайды. Бұл өз кезегінде ұжымның кәсіби тәжірибесінің жоғары екенін және ерекше балалардың қабілеттерін дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1211518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді