Таластың талғампаз аруы – сұлулық пен парасаттың символы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданының намысын абыроймен арқалап, сұлулық пен парасатты бір бойына тоғыстырған хас аруымыз «Әулиеата арулары» байқауында өз бақын сынауда. Бұл байқау – тек сыртқы келбеттің емес, ішкі мәдениет пен тәрбиенің, ақыл мен талғамның сынға түсетін үлкен сахнасы.
Аруымыз осы додада тек көркімен ғана емес, терең ойымен, сахнадағы өзін-өзі ұстау мәдениетімен және ұлттық құндылықтарға деген құрметімен ерекшеленіп келеді. Оның әрбір қадамы – туған жерінің тәрбиесін, Талас өңірінің рухын танытады.
Осындай байқаулар – жастарға бағыт-бағдар беріп, бойындағы қабілетін ашуға үлкен мүмкіндік. Ал біздің аруымыз сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көпшілікке өзін жаңа қырынан танытуда.
Талас жұрты үшін бұл – үлкен мақтаныш. Біз аруымызға тек сәттілік тілейміз! Әр кезеңнен сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындырып, туған елінің абыройын асқақтата берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1211519?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді