
Есірткіге тәуелділік мәселесі қазіргі қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік қатерлердің бірі болып табылады. Есірткі заттарын қолдану адам денсаулығына зор зиян келтіріп, отбасыларды бұзады және жастардың болашағына кері әсер етеді.
Ауылдық әкімдік тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Негізгі мақсат — азаматтарды, әсіресе жасөспірімдер мен жастарды, есірткі қолданудан сақтау.
Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі әкім Ибраев М.О.-ның атынан және Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К. бірлесіп, есірткіге тәуелділік пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Алдын алу бойынша нені білу қажет:
- есірткіге тәуелділік — физикалық және психологиялық тәуелділік тудыратын қауіпті ауру
- бір рет қолданудың өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін
- есірткі адам ағзасының барлық жүйелеріне кері әсер етеді
- есірткіні тарату және қолдану заңмен қудаланады
Профилактикалық іс-шаралар аясында:
- мектептерде түсіндіру жұмыстары мен дәрістер
- медицина қызметкерлері және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер
- ақпараттық науқандар
- салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілуде
Есірткінің алдын алу — барша қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы жас ұрпақты қорғап, ұлт денсаулығын сақтауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1211265?lang=kk

Жауап қалдыру