
Тараз қаласында таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерзат Ерасылды салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз жоғары шеберлік танытып, үздіктер қатарынан көрінді.
Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған спортшы мен оның жаттықтырушысына жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілер ерекше құрмет көрсетті. Атап айтқанда, «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС, жергілікті таеквондо федерациясы және өзге де демеушілер атынан Ерзат Ерасыл мен оның бапкеріне ақшалай сыйлықтардың сертификаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, қазақы дәстүрге сай жеңімпаз бен жаттықтырушының иығына шапан жабылып, жаттықтырушы мен спортшыға тұлпар мінгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1211266?lang=kk

Жауап қалдыру