
Қазақстан – достық мекені
2026 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан жазушыларының кітапханасында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық мекені» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар бірлік, татулық және ұлтаралық келісім тақырыбында ой бөлісті. Қатысушылар еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтіп, жастар тәрбиесінде отбасы мен қоғамның рөлін ерекше атап өтті.
Кездесу аясында мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1211328?lang=kk

Жауап қалдыру