
Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «ЖАС ҰЛАН-2026» облыстық әскери-спорттық ойыны салтанатты түрде қорытындыланды. Бұл ауқымды шара жастардың патриоттық рухын көтеріп, олардың физикалық дайындығы мен командалық бірлігін шыңдауға бағытталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс барысында қатысушылар саптық дайындық, әскери дағдылар, күш пен төзімділікті талап ететін түрлі кезеңдерде өзара бақ сынасты. Әрбір команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Сап және ән байқауы:
І орын — Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы;
ІІ орын — Атбасар қаласы, «Аграрлық-индустриалды колледжі» командасы;
ІІІ орын — Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі командасы.
АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау эстафетасы:
І орын — Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы;
ІІ орын — Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі командасы;
Жауынгер-интернационалист Н.Г. Саминь атындағы «ОТАН» әскери-патриоттық клубы.
Әскерилендірілген эстафета:
І орын — Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі командасы;
ІІ орын — Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы;
ІІІ орын — Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі командасы.
Жеке сайыстарда да тартыс қыза түсті.
Жоғары белтемірде тартылу бойынша Маулен Амир үздік нәтиже көрсетсе, арқаға жатып денені көтеруде Лизанец Полина жеңіске жетті. Оқжатарды оқтармен жарақтау кезеңінде Болат Аңсат пен Дулат Ерасыл жұбы алға шықты. Ал викторинада Акишев Аннур мен Кожаханова Камилла білімдерін дәлелдеді.
Сондай-ақ, жеңіске деген ерік-жігері үшін Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі командасы арнайы марапатқа ие болды.
Жалпы командалық есеп:
І орын — Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы;
ІІ орын — Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі командасы;
ІІІ орын — Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі командасы.
Аталған жарыс тек жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, жастардың бойындағы патриотизмді, жауапкершілікті және бірлік рухын айқындаған маңызды алаңға айналды. «ЖАС ҰЛАН-2026» — болашақ ел қорғаушылардың алғашқы үлкен сынағы әрі жарқын жетістіктерінің бастауы болды.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1211329?lang=kk

Жауап қалдыру