
Ойын барысында қатысушылар тарих, жаһандық мәдениет және жалпы эрудиция бағыттары бойынша білімдерін сынға салды. Байқау жеңімпаздарын басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев марапаттап, жастардың зияткерлік әлеуетіне ерекше тоқталып, кітап оқудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білімге ұмтылыс пен тұрақты даму әр студент үшін басты құндылық екенін жеткізді. Қатысушылар білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салып, өзара тартысты дода көрсетті. Қорытындысы бойынша ЖОО арасында І орын – Шәкәрім университеті, ал кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында І орын – Геологиялық барлау колледжі жеңімпаз атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1211611?lang=kk

Жауап қалдыру