Жолаушыларды ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 14 мамыр айында сағ.15.00-де  Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі  99, 7 кабинет мекенжайы бойынша өтетін жолаушыларды және жүктерді тасымалдайтын, маршруттардың қызметтерінің құқығы туралы «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы  бөлімі» КММ конкурс жариялайды.

         Конкурсқа келесі маршрут қойылады:  

– Қызылқақ ауылы – Ертіс ауылы – Қызылқақ ауылы;    

         Конкурсқа жеке меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары (автобустар, микроавтобустар) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды және жеке тұлғалар қатысады;

         Конкурсқа қатысушылар «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы  бөлімі» КММ конкурстық комиссияға өтінімін электронды поштаға irt.zhkx2025@mail.ru  немесе жазбаша түрде Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі 99,

7 кабинет мекенжайына ұсына алады.

        Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысушыларды тіркеу күнінің соңғы қабылдау мерзімі:  2026 жылдың 06 мамыр айы.

       Конкурсты өткізу сұрағы бойынша 2026 жылдың 30 сәуір айында конкурстық Комиссия алдын ала конкурстық конференция өткізеді.

       Анықтама алу үшін 2-22-59, 2-15-22 осы телефон нөмірлері бойынша жүгініңіз.

 

 

 

Ертіс ауданының экономиканың

нақты секторы бөлімі

басшысының м.а.                                                     А. Казиханов                                                

 

 

Орын. Ю. Черепанов тел. 22259

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis/press/news/details/1210919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді