2026 жылғы 27, 28 және 29 сәуір күндері Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27, 28 және 29 сәуір күндері Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шара аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. Аталған көмек Теміртау қаласында, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандарында (Сұрыптау шағын ауданы мен Жұмысшы кенті) тұратын 10 көпбалалы, әлеуметтік қорғалатын отбасына азық-түлік жиынтықтары түрінде көрсетілді. Жиынтық құрамына ұн, жарма, май, картоп және ет өнімдері енгізілді.

Акцияға өңірдің қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты: Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Игорь Васильевич Жабяк; «НАМУС KZ» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Гүлага Векил-оглы Рзаев; орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы Наталья Николаевна Вшивцева; «Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ким Владислав Валерьевич; Қарағанды облысындағы «Бірлік» өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдилазиз Маматкаримович Хажимаматов; «Qarmet» АҚ жанындағы этномәдени бірлестіктің басшысы, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әлішер Маханбетжанұлы Жақыпбеков; ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Перизат Қалиханқызы Құлымбетова; Теміртау қаласының корей этномәдени бірлестігінің өкілі Дмитрий Валериевич Шим.

Мұндай бастамаларды жүзеге асыру қоғамда өзара көмек, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты іргелі құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Аталған қайырымдылық акциясын өткізу Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді азаматтық ұстанымын, қайырымдылық мәдениетін дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесін айқын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/1212806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді