
Отырыс жұмысына Шарбақты аудандық мәслихатының төрайымы Смаилханова Гүлмира Қаратайқызы, сондай-ақ «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы Сұлтанов Ақылбек Баязитұлы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста 4 мәселе қаралды.
«Шарбақты ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау жөніндегі қызметі туралы» 2025 жыл және 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша есеппен «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Татваева Бахытжан Юрсунхановна баяндама жасады.
«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің 2025 жыл және 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша аудандық бюджетті игеру жұмысы туралы есепті бөлім басшысы Асаинова Анара Мусаевна ұсынды.
«Щербакты ауданында бұқаралық мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» «Щербакты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-нің бас маманы Колесник Людмила Васильевна баяндады.
«Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді насихаттау бойынша атқарған жұмысы туралы Галкин ауылдық округінің әкімі Асаинов Марат Дюсетайұлы есеп берді.
«Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Татваева Бахытжан Юрсунхановнаның есебін мұқият тыңдағаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау мақсатында бағдарламалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды және тұрақты түрде мониторинг жүргізуді ұсынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жартыжылдық қорытындылары бойынша аудандық бюджеттің орындалуына талдау жүргізуді, қаражаттың игерілмеу себептерін анықтауды және оларды келесі жоспарлау кезеңдерінде ескеруді ұсынды. Сонымен қатар, бұл мәселені жыл қорытындысы бойынша 4-тоқсанда қайта қарау туралы шешім қабылданды.
«Шарбақты ауданында бұқаралық мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» мәселе бойынша баяндамашыға, әсіресе жастарды үйірмелер мен мәдени іс-шараларға тарту бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Жастарға арналған іс-шаралардың форматтарын әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды. Сондай-ақ мәдени іс-шаралар туралы хабарландырулар үшін онлайн-платформа құру ұсынылды.
Төртінші мәселе бойынша Галкин ауылдық округінің әкімі Асаинов Марат Дюсетайұлына халықты, әсіресе егде жастағы тұрғындарды оқытуға ерекше назар аудару ұсынылды. Электрондық қызметтердің артықшылықтарын (уақыт үнемдеу, кезектің болмауы) түсіндіру қажеттігі атап өтілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, баяндамашыларға аталған салалардағы жұмысты одан әрі жандандыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Шарбақты ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысы: К.Т.Кокина.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-sharbakty/press/news/details/1212791?lang=kk

Жауап қалдыру