
Абай қаласында кәдесый купюраны пайдалану арқылы жасалған алаяқтық дерегі әшкереленді. Қарағанды облысының Абай қаласында полиция қызметкерлері кәдесый купюраны қолдана отырып жасалған алаяқтық дерегін анықтады. Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 14:00-де қаладағы киім сататын бутиктердің бірінде орын алған. Белгісіз әйел 70 жастағы сатушының сеніміне кіріп, сыртқы келбеті 10 000 теңгелік банкнотқа ұқсас кәдесый купюрамен есеп айырысып, материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 38 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болып, өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1212782?lang=kk

Жауап қалдыру