
Көкшетау қаласында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев, партия мүшелері және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
«Өңір тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп отыр. 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешен өнімінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және өнеркәсіп салаларында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Индустриялық аймақтар дамып келеді, онда жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын жобалар пулы қалыптастырылған. Тұрғын үй саласында 2026 жылы шамамен 1300 отбасын пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, спорттық және мәдени нысандар салу жалғасуда», – деп атап өтті өңір басшысы.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толығырақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов баяндады.
«Облыс елдегі жетекші өңірлердің бірі болып табылады. «AMANAT» партиясымен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізілуде, ол ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап қолайлы инфрақұрылым құру және әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге дейінгі барлық бағыттарды қамтиды. Өңірдің оң дамуы үшін тұрақтылықты сақтау және кемшіліктерді уақытылы жою қажет», – деп атап өтті Павел Казанцев.
Кездесу «AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру бойынша алдағы жұмысты талқылаумен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1212783?lang=kk

Жауап қалдыру