
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті профилактикалық бақылау шеңберінде келесі субъектілерге (объектілерге) барып тексерулер жүргізді:
• «Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-і
• «Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ-і
• «Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ-і
• «Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ-і
Тексерулерге негіз ретінде үй жағдайында қызмет алушыларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау алынды. Аталған субъектілер абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларындағы тиісті ұсынымдарына сәйкес қызмет көрсетілетін, жалпы саны 1489 қала тұрғынына қолдау көрсетеді.
Тексеру барысында Департаменттің әлеуметтік инспекторлары келесі жүйелі бұзушылықтарды анықтады:
• қызмет алушылармен жұмыс жүргізуде жасалынатын жеке оңалту жоспарларын рәсімдеу талаптарының сақталмауы;
• қызмет алушылардың жеке істерінде құжаттардың болмауы немесе толық болмауы;
• үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді тоқтатуды растайтын құжаттардың болмауы.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бақылау субъектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген нұсқамалар тапсырылды.
Аталған жұмыс бақылауда және жалғастырылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1212737?lang=kk

Жауап қалдыру