Жазасын өтеушілерге тегін заң көмегі көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

🔹2026 жылдың 29 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №16-05/05-3603 тапсырмасымен бекітілген волонтерлерді дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының 2.1-тармағын орындау мақсатында, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «№15 мекеме» РММ-де жазасын өтеушілерге Департамент басшысы Г. Кыстаубаеваның, Атырау облысы прокурорының көмекшісі А. Айткалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Бақылау және сапа басқармасының басшысы А. Исатай және Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасы Жер қатынастар бөлімінің бас маманы С. Мурзагалиев, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылардың қатысуымен тегін заң көмегі көрсетілді.

🔹Сондай-ақ, 2026 жылы 15 наурызда өткен Референдум негізінде қабылданған жаңа Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары жөнінде және енгізілген өзгерістер туралы баяндалды.

✅Кездесуде жазасын өтеушілер тарапынан атқарушылық өндіріс, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, құқықтық, әлеуметтік, денсаулық мәселелері бойынша көкейде жүрген сауалдары қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді