
2026 жылдың 29 сәуірінде Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақыалу бөлімінің басшысы З.Кусмолданова, Алматы облысыҚонаев қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ қолданыстағы пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу тәртібі мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерін реттейтін заңнама талаптары, қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтерінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.
Құжаттарды тапсыру кезінде тәжірибеде туындайтын мәселелерге, басшылық құрамның, заңды мекенжайдың өзгеруіне, сондай-ақ құрылтай және тіркеу мәліметтеріне өзге де өзгерістер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар өздерінің өзекті сұрақтарына толыққанды жауаптар алып, заңнамада белгіленген талаптарды сақтау бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1212739?lang=kk

Жауап қалдыру