
2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын 7 оқушы қорғады. Олар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ІІ-дәрежелі дипломмен:
1.Бектасова Аяжан – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2.Қазкен Аруна – Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.Құлшымбек Қарлығаш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар, грамотамен Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Кәусар марапатталды.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1212236?lang=kk

Жауап қалдыру