Атырау қаласы аумағындағы пәтер меншік иелерінің кооперативтері өкілдерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹2026 жылдың 29 сәуір күні Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуов және Атырау облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Сагындык Абилхайров Атырау қаласы аумағындағы пәтер меншік иелерінің кооперативтері өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер және пәтер меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік қайта тіркеу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кооперативтерді қайта тіркеу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, тіркеу мерзімдері мен рәсімдердің кезеңдері түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған үдеріс барысында туындайтын өзекті мәселелер мен тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар қарастырылып, оларға нақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді