«Бизнесті көлеңкеден шығару: Тараз базарларындағы ауқымды жұмыс»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰 облыс кәсіпкерлері арасында кассалық тәртіпті жақсарту бойынша акция жалғасуда. 2026ж. 28 сәуірінде Департаменті, Тараз қаласы бойынша МКБ бірлесіп көтерме азық-түлік базарларында тәртіп орнату тапсырмасы шеңберінде, өз құзыры аясында Тараз қаласындағы: «Қайқармет» және «Ауыл Береке» ірі сауда базарларында салық тәртібін нығайтуға бағытталған және бизнесті көленкеден шығару бойынша «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте» атауындағы серпінді жоба туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.

📑 Іс-шара барысында кәсіпкерлерге бақылау-касса машиналарын пайдалану, фискалдық чек беру міндеттемесі, төлем карталарын қабылдау жөніндегі, сондай-ақ басқа да сұрақтар бойынша толық ақпараттар және жадынамалар беріліп, салық заңдылығын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.

@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1212720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді