Өнеркәсіптік қауіпсіздік: негізгі талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіптік қауіпсіздік – қауіпті өндірістік объектілерде адамдардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған міндетті талаптар жүйесі. Объектілер міндетті түрде тіркеліп, сәйкестендірілуі тиіс, ал кәсіпорын қызметкерлері қауіпсіздік техникасы талаптарын, өндірістік нұсқаулықтарды және белгіленген регламенттерді қатаң сақтауға міндетті.

 

Әрбір қызметкер жұмысқа кіріспес бұрын арнайы оқытудан өтіп, нұсқамадан өтуі қажет, бұл өндірістегі қауіп-қатерлерді дұрыс бағалауға және алдын алуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарда өндірістік бақылау жүйесі ұйымдастырылып, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі тұрақты түрде қадағаланып отырады.

 

Апаттардың алдын алу мақсатында алдын алу шаралары әзірленіп, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету жоспарлары бекітіледі. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын барлық техникалық құрылғылар мен жабдықтар уақтылы тексеріліп, техникалық қызмет көрсетуден өткізілуі тиіс.

 

Осы талаптарды сақтау өндірістік жарақаттардың алдын алып қана қоймай, кәсіби аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастырып, адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1212721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді