БАЛАЛАР ЭФИРДЕ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ТАҒАМ НАСИХАТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін облыстық “ERTIS” телеарнасында жас бүлдіршіндердің қатысуымен ерекше мазмұндағы танымдық түсірілім өтті. Шараға Аққулы ауданының екі мектебінен келген 2-сынып оқушылары қатысып, әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдары мен мәдениетін таныстырды.

Алғаш болып эфирге Аққулы ауданы, Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары шықты. Сынып жетекшісі Кожабекова Жания Мухаметкалымовнаның жетекшілігімен Шариғат Жолды мен Рахмет Інжу Қытай халқының ұлттық тағамдары туралы қызықты мәліметтер ұсынып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Оқушылар өз тақырыптарын сенімді жеткізіп, тағамдардың ерекшеліктеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Аққулы ауданының Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебінің 2 “А” сынып оқушысы Құсайын Дінмұхаммед Нұрланұлы да эфир қонағы болды. Ата-анасы Бекенова Алмагуль Балтабаевнаның қолдауымен ол «Дәм мен дәстүр» байқауы аясында Түркия елінің ұлттық тағамы — “Сач тава” туралы баяндады. Жас қатысушы тағамның дайындалу жолы мен ұлттық ерекшелігін әсерлі жеткізе білді.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, әр халықтың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар, балалардың сахнада және камера алдында еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді.

Жас қатысушылардың алғашқы эфирдегі қадамдары сәтті өтіп, көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1212646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді