Жетісу өңірінде бес ауылдың 2 мың тұрғыны алғаш рет газға қол жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Каспан, Қайнарлы, Сайлыкөл, Көксай және Қарымсақ елді мекендеріне табиғи газ беру басталды. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған өңірді газдандыру бағдарламасын іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.

Алғаш рет табиғи газға шамамен 2 мың тұрғын қол жеткізуде. 600-ден астам тұрғын үйді газға қосу мүмкіндігі қарастырылған. Тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 55 шақырым газ тарату желілері салынды, технологиялық жабдықтар орнатылды, бір блоктық газ реттеу пункті және он шкафтық газ реттеу пункті іске қосылды.
Жоба Кербұлақ ауданын кешенді газдандыру аясында жүзеге асырылуда және 25 елді мекенді қамтиды.

Қазіргі таңда ауданда 8 елді мекен газдандырылып, шамамен 24 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Қалған ауылдарды қосу жұмыстары жалғасуда: бірқатар нысандар аяқталу сатысында және газ беруге дайындалуда.

Жобаны іске асыру тұрмыстық жайлылық деңгейін арттырып қана қоймай, қатты отынды пайдалануды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1212647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді