Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының
2026 жылғы 30 сәуірде өткен отырысында мемлекет активтерін пайдаланудың, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындаудың, сондай-ақ Марқакөл ауданының жергілікті атқарушы органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің экономиканы, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларын дамыту ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Аудитпен 9 объект қамтылды, 2024-2025 жылдар кезеңі бойынша тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеден асты.
Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының Марқакөл ауданы бойынша іске асырылуын талдау барысында 2024-2025 жылдар кезеңінде жекелеген нысаналық индикаторларға қол жеткізілмегені анықталды: 2024 жылы – 7 көрсеткіштің 3-і (42,9%), 2025 жылы
7 көрсеткіштің 1-і (14,3%)%).
Аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өздерінің функционалдық міндеттерін орындамауы, бюджет қаражатын жоспарлау негізділігінің жеткіліксіздігі, мемлекеттік мүлікті басқаруды бақылаудың нашарлығы, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің жеткілікті пысықталмауы – негізгі проблемалар қатарына жатқызылды.
Негізгі қаржылық бұзушылықтар негізсіз шығындар мен төлемдер, орындалмаған жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу, бухгалтерлік есепті бұзу және есептілікті бұрмалау, сондай-ақ кірістердің бюджетке уақытылы түспеуі.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік өндіріс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы өз бетінше 4 материалды қарап, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабына сай айыппұл салды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жоюға және ауданың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1212666?lang=kk

Жауап қалдыру