БҚО-да білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өткен 2025 жылғы кезеңде атқарылған қызметі туралы есебі тыңдалды. Отырысқа тұрақты комиссияның  депутаттары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өткен 2025 жылғы кезеңде атқарылған қызметі туралы департамент басшысы З.Б.Гумарова баяндама жасады. Департамент басшының есебінде департаментпен жүргізілген мемлекеттік бақылау, мониторинг шаралары, жоспардан тыс тексерістер, лицензиялау жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды.

Отырыс барысында оқушылардың білім сапасы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтардың сапалық құрамы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.  Сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1212665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді