Батыс Қазақстан облысында Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті аймақта жұмыс істеген мыңдаған азамат өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, апаттың зардабын азайтуға үлес қосты. Олардың жанқиярлық еңбегі – азаматтық борыштың, ерліктің және жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Бүгінгі шараның басты мақсаты – Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін ұлықтау, олардың еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету және тарихи жадыны жаңғырту.

Жиын барысында ардагерлер облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің, қала әкімі Мұрат Байменовтің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «БҚО Чернобыль АЭС ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар өмірден өткен ардагерлердің жұбайларына құрмет көрсетілді.

Чернобыль апатын жоюшылардың ерлігі – уақыт өтсе де ұмытылмайтын батылдық пен ел алдындағы адал қызметтің үлгісі. Мұндай шаралар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ерлік пен еңбекті бағалауға үндейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1212817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді