Көлік полицейлері «Теміржолда өзіңді сақта!» профилактикалық акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы жылдың 27–29 сәуірі күндері аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету учаскелерінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Теміржолда өзіңді сақта!» профилактикалық акциясы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың, оның ішінде адамдарды пойыздың басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру.
Акция кезінде көлік полицейлері Астана станциясының теміржол вокзалында жарақаттанудың алдын алуға және көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті колледжінің 120-дан аса студенттері қатысты.
Теміржол — қауіптілігі жоғары аймақ, сондықтан кез келген ережені бұзудың соңы қайғыға әкеп соқтыруы мүмкін. Сәйкес, кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, жастардың теміржолдардан өту кезінде құлаққапты шешуі машинистің дабылын дер кезінде естулеріне мүмкіндік беретіні атап өтілді.

«Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері — немқұрайлылық, асығыстық және белгіленген қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу. Айырықша алаңдаушылық тудыратын мәселе — жылжымалы құрамның сыртқы бөліктеріне жабысып жүру», — деп атап өтті Департаменттің әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Алихан Жұмажанов. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, көбінесе ауыр жарақаттарға немесе өлімге әкеледі. Қозғалып келе жатқан пойыздың үстінде немесе сыртында қысқа уақыт болудың өзі құлауға, электр тоғымен зақымдануға немесе теміржол инфрақұрылымы элементтерімен соқтығысуға әкелуі әбден мүмкін.

«Теміржол вокзалы аумағында және теміржол өткелдерінде «Пойыздан сақ бол!» және «Абай бол, пойыз!» сияқты ескерту белгілері орнатылғанына қарамастан, азаматтар оларға көп көңіл бөле бермейді, бұл жазатайым оқиғалардың орын алу қаупін арттырады», — деп атап өтті ол.
Басқосу барысында студенттерге теміржолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері түсіндіріліп, тақырыптық бейнеролик көрсетілді және ақпараттық брошюралар таратылды.
Сақшылар жастарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, яғни, теміржол жолдарын тек белгіленген жерлерден өтуге, жүріп келе жатқан пойыздарға жақындамауға, вагондардың төбесіне шықпауға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы нысандарында барынша жинақы әрі сақ болуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1212818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді