Қостанай облысы ТЖД-да Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тақырыптық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары ұсынылды. Қатысушылар дастархандарын ұлттық нақышта безендіріп, мәдени ерекшеліктерін таныстырды, тағамдардың дайындалу дәстүрі туралы баяндады. Бағалау барысында тағамның ұсынылуы, креативтілігі және мазмұны ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша:
 I орын — украин ұлты
II орын — грузин ұлты
 III орын — орыс ұлты

Қосымша номинациялар:
«Ең дәмді тағам» — ұйғыр ұлты
«Ең үздік би» — өзбек ұлты
«Ең үздік көрініс» — қазақ ұлты
«Ең көрікті киім» — корей ұлты

Іс-шара ұжымдағы бірлікті нығайтуға, өзара құрметті арттыруға және мәдени әртүрлілікті насихаттауға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1212819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді