
Бүгін, 30 сәуір күні Маңғыстауда жаңа Конституция аясында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілетуге арналған жиын өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Кездесудің мақсаты – құқықтық жүйені түсіндіру, сондай-ақ білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылау.
Жиынға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшылығы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өкілдері тарапынан білім беру жүйесіндегі конституциялық қағидаттарды ілгерілету, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және әділ білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды.
Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Кная Такенова іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланғанын атап өтті.
-Конституциядағы өзгерістерді жан-жақты талқылау, ой-пікір алмасу және сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу өтті. Жиынға 500-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагер ұстаздар және педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері қатысты. Жаңа бағыттары бойынша үш спикер баяндама жасап, қатысушылармен пікір алмасты, – -деді Кная Такенова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1212741?lang=kk

Жауап қалдыру