
29 сәуірде «Кулагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының базасында Департаменттің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары мен орталық дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шара мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кеңес барысында:
2026 жылдың I тоқсаны бойынша негізгі қызмет көрсеткіштері қаралды;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №260, №131, №230, №283 бұйрықтарын қолдану тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді;
031/у нысанын ресімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізілді;
қызмет алушыларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау және құжаттарды дайындау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты шаралар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1212742?lang=kk

Жауап қалдыру