«Бір шаңырақ астындағы біртұтас елміз» байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу-2 комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астындағы біртұтас елміз» атты Жетісу аудандық жас мамандар арасындағы шығармашылық байқау өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностардың мәдени құндылықтарын дәріптеу болды.

Іс-шара Жетісу-2 комьюнити орталығында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1212565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді