«Салауатты ұрпақтың қорғаны – вакцинация» атты кеңес беру алаңы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Салауатты ұрпақтың қорғаны – вакцинация» атты кеңес беру алаңы ұйымдастырылды

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Тараз қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Еуропалық иммундау апталығы аясында Тараз қаласындағы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта вакцинацияның маңыздылығын насихаттауға арналған ауқымды іс-шара өтті.

Шара барысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Салауатты ұрпақтың қорғаны – вакцинация» атты кеңес беру алаңы ұйымдастырылды. Бұл алаңда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары мен Тараз қаласының емханаларынан келген дәрігерлер қала тұрғындарының сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы кеңінен ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында балаларға арналған сурет салу байқауы мен отбасылық эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға және вакцинацияның маңыздылығын кеңінен түсіндіруге бағытталды.

Аталған іс-шара – халық денсаулығын нығайтуға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және қоғамда вакцинацияға деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1212564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді