
Бүгін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі комиссия төрағасы Жанат Камитұлы Ибраевтың төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Б.К. Бозтаев және Екібастұз ауылдық округінің әкімі Ж.К. Ибраев сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Талқылау қорытындысы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде депутаттар әкімдердің атқарған жұмысына оң баға берді.
Сондай-ақ депутаттар қала әкімдігі ұсынған жер комиссиясының құрамын және оның ережесін бекіту туралы шешім жобасын қарап, оны мәслихат сессиясына шығаруға мақұлдады.
Кездесу соңында жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ететін барлық ұсыныстар бір жүйеге келтірілетіні атап өтілді. Алдағы уақытта олар нақты шешімдер әзірлеу және заңнамалық деңгейде ілгерілету мақсатында қайта қаралатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1212846?lang=kk

Жауап қалдыру