
Тбилиси, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппарат басшысы Амангельді Саинов және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры Медет Мақұлжанов Грузия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Грузия тарапын Грузия Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық мәселелер және адам, әкімшілік ресурстарын басқару дирекциясының директоры Гиорги Энукидзе басқарды.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың ішкі қызметін ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде кадрлық әлеуетті дамыту және басқару үдерістерін жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті. Сонымен қатар қаржылық әкімшілендіруді оңтайландыру тәсілдері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әкімшілік-басқарушылық қызмет бағытында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1212848?lang=kk

Жауап қалдыру