
29 сәуірде Департаментке БҰҰ-ның Қазақстандағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының бағдарламалық кеңсесінің өкілдері келді (БҰҰ ЕҚБ) «Қауіпсіз аса маңызды шикізат материалдары (АМШМ): Орталық Азиядағы АМШМ жеткізу тізбегін жақсарту» жобасын іске асыру шеңберінде.
Келген делегация құрамында Эндрю Райт – БҰҰ ЕҚБ халықаралық сарапшысы, Элизабет Зайдл – БҰҰ ЕҚБ жобасының менеджері, Әділет Мұқышев – Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі.
Кездесудің мақсаты – жер қойнауын пайдалану секторында қылмысқа немесе өзге де заңсыз қызметке байланысты бар қауіптердің немесе осалдықтардың болу дәрежесін бағалау, сондай-ақ лицензиялық шарттардың сақталуын, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүргізуді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында минералды шикізатты жеткізу және экспорттау тізбегінің мониторингінің мемлекеттік бақылау тәжірибесімен танысу.
Сондай-ақ, минералдарды жеткізу тізбегімен байланысты процестерді тереңірек түсіну мақсатында Департамент Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өндіру учаскесіне баруды ұйымдастырды, онда делегация құрамында алтын бар кен өндіру және оны байыту фабрикасында өңдеу бойынша жұмыстармен таныстырылды, онда құрамында алтын бар концентрат алынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/1212732?lang=kk

Жауап қалдыру